Қалай көмектесе аламыз?

Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар төменде. Өз сұрағыңызды таппасаңыз, бізге жазыңыз, анықтап береміз.

Турды қалай төлеуге болады?

Брондауды растау экранында төлем әдісін таңдап, нұсқауларды орындаңыз. Қорытынды сома автоматты түрде қайта есептеледі және төлемді растағанға дейін көрінеді.

Брондаудан бас тартуға бола ма және ақша қайтарыла ма?

Әр турдың бас тарту шарттары әртүрлі — оларды тур бетіндегі «Бас тарту шарттары» бөлімінен көруге болады. Әдетте саяхаттан неғұрлым ерте бас тартсаңыз, төлемнің соғұрлым көп пайызы қайтарылады.

Гидпен қай жерде және нешеде кездесеміз?

Жиналу орны мен уақыты тур сипаттамасында көрсетілген және брондаудан кейін билетте қайталанады — ұйымдастырушының байланыс деректері де сонда.

Балалармен баруға бола ма?

Турға байланысты — шектеулер мен балалар орындарының бар-жоғы тур бетінде көрсетілген. Орын дұрыс есептелуі үшін брондау кезінде балалар санын ересектерден бөлек көрсетіңіз.

Тур ұйымдастырушысымен қалай байланысуға болады?

Брондаудан кейін «Чаттар» бөлімінде ұйымдастырушымен және осы саяхаттың басқа қатысушыларымен чат пайда болады — онда турға дейін де, тур барысында да сұрақ қоюға болады.

Саяхат кезінде мәселе туындаса, не істеу керек?

Алдымен тур чатында ұйымдастырушымен байланысыңыз — ол билетте көрсетілген. Егер мәселені ұйымдастырушымен шешу мүмкін болмаса, осы бөлімдегі «Бізге жазу» арқылы бізге хабарласыңыз.

Қолдау қызметіне жазу